2023 жылдың 17 мамырында «Біздің әлем» театр үйірмесінің жас актёрлерінің орындауымен «Шалқан» ертегісі сахналанды.
«Шалқан» рөлінде - Садуакасов Мақсат,
Ата - Сапаргалиев Ильдар,
Әже - Мақсатқызы Жеңісгүл,
Немере қыз - Дуйсова Алиназ,
Мысық - Салыкова Айша,
Күшік - Қожан Мағжан,
Тышқан - Әлібек Айша
Оқушылар өте керемет ойнап шықты.
Көрермен ата-аналардың, педагогтар мен оқушылардың қошеметіне бөленді.
Жас актёрлердің «Көңілді шарлар» ойыны да көрермен көзайымы болды.
Би үйірмесінің жетекшісі Үмбетова Майра Хамитовнаның жетекшілігімен барлық көрермендер "Қимылды сәттер» биін нақышына келтіре орындады.
«Кел биле, достар!» әнін ым-ишара тілінде орындаған Төреғали Нұрислам, Әлібек Айша мен Салыкова Айша көрермендер көзайымына айналды.
Қойылым соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Коблаш Эльвира Абдрашовна балық «Біздің әлем» театрының жас актёрларының жыл бойынғы үйірмедегі жетістіктерін айтып, Мақтау қағазымен марапаттады. Театр жетекшілеріне рахмет айтылып, театрға шығармашылық жетістіктер тіледі.
https://sch.edu.kz/kz/247/518-bizdi-lem-teatr-jirmesi.html#sigFreeIdc216da5750