2023 жылдың 24 сәуірінде орта буын, жоғары класс оқушылары мен колледж студенттері және мекеме педагогтарымен "Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғам байланыс жөніндегі" мекеменің теологы Ж.Миранов және психолог Т.Т.Тулепбергеновпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - экстремизм және терроризм ұғымына түсінік беріліп, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Кездесу өте мағыналы өтіп, оқушылар қажетті ақпарат алды.