Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 7, 9 мамыр мерекелері қарсаңында ел тарихын құрметтеу, батырлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен аталар рухына бас ию, Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында бірнеше шаралар өткізілді.
4 мамыр күні 6"ә"класс тәрбиешісі Г.К.Балмагамбетова «Елін қорғау - ерге серт» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
✔ Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру.
✔ Ел қорғаған батырлардың ерліктерін дәріптеу
✔ Жеңіс күні мерекесінің ұрпақтар есінде сақтауына, тарихын біліп жүруге тәрбиелеу.

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын,туған елін қорғай білуге және Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі-өнеге тұтуға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен "Ұрпаққа ұлан болған Ұлы Жеңіс!" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында оқушыларға тақырып бойынша түсіндірме жүргізіліп, мәліметтер берілді. Оқушылардан сұрақ-жауап алынды. Барлық оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып,белсенділік көрсетті.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өмірдің ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетудегі маңызы жайлы терең мағлұмат берілді. Оқушылар туған елін, жерін, Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп, тарихты терең бағалау мақсатында тапсырмалар орындады.

Тақырыбында мектепке дейінгі топ бүлдіршіндері де тыс қалған жоқ.  «Ұлы жеңіс жасасын!" тақырыбында өткен тәрбие сағатында арналған тәрбие сағатында жаңа сөздермен танысып, мерекеге орай сурет салды, би биледі.

Жеңіс күні мерекесіне орай мектеп - интернат - колледждің орта буыны "Менің атам – сарбаз" көрмесін ұйымдастырды, Көрмеге балалардың Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбітшілік үшін күрескен, жарқын болашақ, ашық аспан үшін өмірін қатерге тіккен қайсар рухты аталарының суреттері қойылды. Олардың есімдері ұрпақтарының жадында мәңгі сақталады.

5 мамыр күні гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты салтанатты шара өтті. Шара барысында мерекелік құттықтаулармен қоса, әндер айтылды, өлең шумақтары оқылды.