7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесі қарсаңында бастауыш буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, білім жолында баға жетпес орнын дәріптеу, олардың өнегелі өмір жолымен жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке баулу,ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру және ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің ардагер ұстазы Бердешова Шаһила Қабдірахманқызымен "Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып" атты маңызы зор кездесу өтті.
Кездесу барысында құрметті зейнет демалысына шыққан ардагер ұстаз өзінің өмірі жайлы және ұстаздық еткен жылдарынан сыр шертіп, оқушыларды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, инабаттылық пен мейірімді болуға өнегелі сөздерін айтты.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Әрі қарай ардагер ұстазға тақпақтар айтылып,ән шырқалды.
Кездесу соңында Шаһила Қабдірахманқызы өзінің жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, жас ұрпаққа бата берді. Бастауыш сынып оқушылары қызығушылықпен қатысып, жақсы әсер алды.
https://sch.edu.kz/kz/247/506-lkender-zholy-lyly-rpa-y-zh-rer-ynyp.html#sigFreeId6feeff50e2