2023 жылдың 26 сәуірінде Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы « мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-нде «Арнайы (түзету) мектеп-интернатта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Мақсаты: Қазіргі кезеңде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың ең оңтайлы тәсілдерін қолданудың тиімділігін тәжірибеде көрсету.

Міндеті: арнайы білім беру мекеме педагогтарының іс –тәжірибесімен бөлісу.

Модераторлар: Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері – М.А .Раисова.
«Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-нің әдіскері Г.Г. Шотанова

Шебер-класқа арнайы білім беру мекемелерінің педагогтары, тәрбиешілері қатысты.
Шебер-кластың бірінші бөлімінде директор Шакенова Гулсим Куанышевна мекеме туралы мағлұмат беріп, құттықтау сөз сөйледі. Шебер-класс екі бөлімде жұмыс жасады. Пленарлық бөлімде педагогтер І-ІІ түзету мектебіндегі оқу-тәрбие процесіндегі арнайы қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологияларды, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік бөлімде педагогтар оқытудың арнайы-тәсілдерімен қатар, жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу процесіндегі кіріктірілген сабақтар, АКТ технологияларының тиімді әдістерімен бөлісті.

Сәтті үзіліс кезінде шығармашылық бағытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында педагог-тәрбиешілер «Резин арт», «Гипстен бұйым жасау», «Сабын жасау», «Сымсыз тоқу», «Жіптер әлемі» шебер кластарын көрсетті. Аталған тәжірибе-сабақтармен шебер сағаттары ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың ой-өрісін кеңейтумен бірге әлеуметтенуде қолдана алуларына бейімдеу болып табылады.