Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады.
Ата Заңға деген құрмет, оны қадірлеп, қастерлеу - әр азаматтың міндеті. Осы мақсатта Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханашысы Г.Жунусова "30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні " тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@gulsim_shakenova