Бала – біздің қуанышымыз, ертеңіміз. Мемлекет тарапынан жасалған қандай да бір іс-шаралар балалар үшін, болашағымыз үшін. Балалар жылы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өнерге деген ынта-ықыласын арттыру мен шығармашылығын қолдау мақсатында бесінші рет ұйымдастырылған «Ер жүрек» облыстық фестиваль-байқауы 2022 жылдың 18 маусым күні «Алақай» қуыршақ театрында өтті. Байқауға Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-нің 3 “Ә” класс оқушылары Жеңіс Айбек пен Саматұлы Азизхан аналарымен қатысып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ортаға салды. Өмірді өзінше танып, ішкі жан дүниесімен сезіне білген балалар өнер әлеміне деген құлшыныстарын ым-ишара тілі арқылы әнмен жеткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Фестиваль соңында бас жүлдені жеңіп алған Жеңіс Айбек пен Саматұлы Азизханға облыс әкімі О.Оразалиннің атынан “50000 тг” сертификат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/423-er-zh-rek-2022-baj-auy.html#sigFreeId102b8dda71