Кітап көрмесі
2022 жылдың 23 мамыр күні Балалар жылы аясындағы шаралар жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені "КММ кітапханашысы Г.Жунусова "Оқуға құштар мектеп" кітап көрмесін өткізді.
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі. Ол – ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Осы орайда ұйымдастырылған көрмеде 5-9 класс оқушылары түрлі тақырыптағы кітаптармен танысты.