18.05.2022ж. күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені" КММ бір топ оқушылары Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының бас инспекторы Алиаскарова Маржан Молдахметовнаның ұйымдастыруымен Қобда ауданындағы "Әлия" мемориалдық кешеніне, Әлияның туған жері-"Бұлақ"ауылына, Алға ауданындағы Шәкен ишан мешітіне барып, тарихи мұралар, ескерткіш жәдігерлерді көзбен көріп, танысып қайтты. Оқушылар мінген жолаушы көлігін МАИ көлігі мен қызметкері жол бойы қозғалысын бақылау жасап, алып жүрді.
Аталмыш саяхат "Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы" ММ, "Қоғамдық келісім" КММ 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырған "Ұлттар фестивалінде ll орынды жеңіп алған жеңімпаздарына берілген жолдама аясында өтті. Табиғаттың қолайсыз күйіне байланысты
Абат-Байтақ кесенесіне бару мүмкіндігі болмады.
Сәті түсіп,
18 мамыр-Халықаралық мұражай күніне және балалар жылына байланысты
" Әлия" мемориалдық кешенін түсіруге келген республикалық
" Хабар" арнасының түсірілім тобымен кездесті. Шараның жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңызы ерекше болды.