Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру және өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру мақсатында бастауыш класс тәрбиешілері 1-4 класс оқушыларына "Өрт қауіпсіздігі туралы ережелер" атты түсіндірме сабақтарын өткізді. сабақ барысында түрлі суреттер, презентациялар, жадынамалар пайдаланылды. Өрттің пайда болу себептері түсіндірілді, оқушылар өрт сөндіру құралдарымен танысып, өртті болдырмау ережелерін пысықтады.