Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында ел намысын қорғаған жігерлі спортшыларымыз, Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің түлектерін құттықтаймыз! Төккен тер, еткен еңбектің нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінген жастарымыздың алар асуы әлі алда. Мектеп-интернат-колледждің құрметті ұстазы болған Қуаныш Зейнулұлы салған сара жолдан таймай, шәкірттеріміздің биіктен көрінуі біз үшін үлкен мақтаныш!
Байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтатқан МАЛАЙДАР БЕКСҰЛТАН, ЕСЕНҒОСҰЛЫ МҰХТАР, СҮЙЕУӘЛИЕВ ЕРЛАН мен ОРЫНБАСАРОВ РУСЛАНҒА жеңісті күндерің көп болсын демекпіз. Алға!!!

Аталған дода Қазақстан құрамасы қатысып отырған алтыншы жазғы сурдлимпиада. Алда талай жеңістер күтіп тұр!