8"а", "б" кластарында "Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға жаз мезгілінде суға түсу уақыты белгіленбейінше суға шомылуға болмайтындығы, тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылуға болатындығы, ата-аналардың рұқсатынсыз, су қоймалары, өзен жағасына баруға болмайтындығы түсіндірілді. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін пысықтай отырып, сұрақтарға жауап берді.
#қауіпсізшомылуАқтөбе2022
#ЖазғыдемалысАқтөбе2022
@bilim_basqarmasy_aqtobe