2022 жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің балалары Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Әрқашан күн сөнбесін! » атты асфальтта сурет салу шарасына қатысты. Жас буынның шығармашылық қабілеттерін шыңдау, асфальтта сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу мақсатында өткен шараға 3-4 класс оқушылары қатысты. Жауапты тәрбиешілер С.Нурушева, К.Қойшина, Г.Мустапина, Ж.Турмантаева балаларға ашық аспан астында сурет салудың өзіндік ерекшелігін түсіндірді. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, бейбітшілік құсы көгершінді, түрлі-түсті кемпірқосақты, сүйікті отбасыларын, достарын бейнеледі.