2022 жылдың 15 сәуір күні "Эстетикалық және кәсіптік білім беру әдістемелік" бірлестігінің "Өнері өрге жүзеді" атты апталығы аясында көркем еңбек пәні мұғалімі А.Ж.Байниязова 6"А" класына "Электр тізбегі. Тәжірибелік жұмыс" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: электрсызбалар элементтерінің шартты графикалық белгілерін орындауға үйрету. Электр схемаларының шартты белгілерін білу және тәжерибеде орындау.
Сабақ барысында оқушылар электрлік құралдармен таныс болды, шартты белгілерін жасай білді. Электр схемасын пайдалана отырып, электр тізбегін сауатты құрды. Оқушылар тақырыпқа сай алған теориялық білімдерін тәжірибеде көрсете білді. Сабақ барысында оқушылардың білімділік, біліктілік дағдылары үйлесімділік тапты.