Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған "мектеп-интернат-колледж" кешенінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сабақтан тыс уақытта және демалыс кундерінде әртүрлі үйірмелер мен спорттық секция жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Оқушылар жеке қызығушылығы мен икемдеріне қарай олар би, заманауи брейк-данс үйірмесіне, қолөнер, қолданбалы еңбек, сурет, театр үйірмелеріне, шахмат, үстел теннисі және футбол секцияларына қатысып, сонымен қатар, "Шебер қолдар" үйірмесінде арнайы құрылғылар (станоктар) арқылы ағаштан түрлі бұйымдар жасаумен айналысады. Бұдан бөлек сенбі, жексенбі күндері оқушыларымыз қалалық "Чайка","Достық" бассейндерінде жүзу өнеріне уйреніп, жаттығады.Олар үлкен қызығушылықпен өздерінің бос уақыттарын ұтымды пайдалануда.
https://sch.edu.kz/kz/247/353-o-ushylardy-bos-ua-ytyn-tiimdi-jymdastyru.html#sigFreeId49e470e0e8