ТАКТИЛЬДІ КІТАПТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Балалар жылын қолдау мақсатында 2022 жылдың 13 сәуір күні “Ерекше кітаптар әлемі” жобасы аясында “Тактильді кітаптар әлеміне саяхат” атты семинар-тренинг өткізді.
Семинарға қатысқан Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ мұғалімдері тәжірибе алмасып, көру қабілеті бұзылған және зағип балалармен, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) балалармен жұмыс жасау үшін қажет тактильді кітаптар насихатталды.
@bilim_basqarmasy_aqtobe
https://sch.edu.kz/kz/247/351-taktildi-kitaptar-lemine-sayakhat.html#sigFreeIdcc93e90710