" Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ " Глобал - Спецодежда" ЖШС-мен 2017 жылдан бері ынтымақтастықта. Осы жылдар ішінде көптеген студенттеріміз осы кәсіпорынның базасында өндірістік практиканы өтуде. Жаңа құрал-жабдықтарда жұмыс жасап, жақсы тәжірибе жинадық. Біз ұжымға және директор Жабаева Надежда Александровнаға есту және көру қабілеті бұзылған балалардың кәсіби іс-әрекетін бағалап, жылы шыраймен қарсы алып түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз. Барша ұжымға жемісті еңбек, береке-бірлік тілейміз.