Төтенше жағдайларда адам өмірінің қауіпсіздігі және қорғау бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 7 сәуір күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-де коррекциялық бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақ және орыс кластарында табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беріліп, оқушыларды табиғи апаттан сақтануға баулу мақсатында «Табиғи апат кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ауызша сұхбат жүргізілді. Табиғи апаттан сақтану жолдарымен таныстырылып, төтенше жағдай кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі, қорғану әдістері үйретілді. Оқушының ойлау, есту, есте сақтау, сөйлеу қабілеттері дамытылып, өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттері шыңдалды.
Жауаптылар: Урунбасарова Ж.К., Исикенова Г.А., Кульписова Р.У