Өткен жазда алғаш рет Қазақстанда Samsung Electronics өткізген «Solve for Tomorrow» республикалық жоба байқауынан балалардың абайсызда терезеден көшеге құлап кетуін болдырмауға арналған Savvy Window терезе құрылғысын ойлап тапқан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары екінші орын мен қаржылай сыйақыға ие болды. Сол ұтыстан түскен қаражатқа жеңімпаз оқушылар Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешеніне ерекше оқытуды қажет ететін балалардың жан-жақты дамуына, қоғамда еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтуға септігі мол, барлық коммуникативті дағдыларын жетілдіре түсетін «Фиолетовый лес» әдістемелік құралын сыйға тартты. Білім көкжиегінде өзіндік орны бар Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы мен болашағынан зор үміт күттіретін оқушыларына Алғысымыз шексіз!