13.01.2022 ж. Мектеп-интернат-колледж кешенінің жоспары бойынша мекеме тәрбиешілеріне және жас мамандарға арналған "Шығармашылық сағат" өтті. Шара барысында мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс,-шараларын белсенді жүргізген А.Балжанова өткізілген жұмыс барысымен және жинақталған жұмыс папкасымен таныстырды.
Г. Шотанова "Сурет сиқыры" тақырыбында сурет салудың сиқырлы әлемін, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданған дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Г. Шагатаева өз педагогикалық мәселесі бойынша оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие бағытында жасалған жұмыстарымен таныстырып, "Салт - дәстүрді білесің бе?" тақырыбында оқушылармен өткізген зияткерлік танымдық сағатының өткізілу барысымен бөлісті.
https://sch.edu.kz/kz/247/320-shy-armashyly-sa-at.html#sigFreeId5eadebcbc9