Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылдың 10 желтоқсан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ қызметкерлері арасындағы жас мамандарға арналған "Тәуелсіздікке арнаймын" атты сайыс өткізілді. Қатысушылар сайыс шарттарына сәйкес өзін-өзі таныстыру, тәуелсіздік тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу, патриоттық ән орындау, үй тапсырмасы - эссе жазу бойынша өнерлерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен
🎖 І орынға Н.САИНГАЛИЕВА,
🎖ІІ орынға Н.АБИЛЬХАНОВ,
🎖ІІІ орынға К.ҚОЙШИНА лайықты деп танылды.

✅А.АРТЫҚОВА - "Жас патриот",
✅Г.АХАЕВА - "Ең шығармашыл педагог ",
✅ Б.БАҚЫТОВ - " Көрермен көзайымы",
✅Т.МАМЕТКУЛОВА - "Өнерлі педагог" номинацияларын иеленді.
Құттықтаймыз!!!

{gallery}-/-7{/gallery}