"Білім жетістігі - Тәуелсіздікке"
29.11.2021 күні жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің "Білім жетістігі - Тәуелсіздікке" атты апталығының ашылуы кітапханада өтті. Ашылу барысында ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жылдар хронологиясы бойынша баяндалды, балалар сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстан картасын құрастырды. Білім марафоны география және биология пәндерінен басталды, балалар сұрақтарға жауап беріп, осы пәндер бойынша білімдерін шынайы көрсете білді, белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты.