«Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-сінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби-шығармашылық факультеті Көркем еңбек және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен 26-28 қазан күндері «Руханият және өнер» тақырыбы аясында «Жүннен түрлі бұйымдар жасау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Іс шараның негізгі мақсаты: ұлттық өнерді жаңғырту, балалардың қол саусақтарының ұсақ моторикасын киіз басу арқылы дамыту, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, балалар шығармашылығын қолдау мақсатында ұжымдар арасында кәсіби қарым-қатынас, ынтымақтастық және тәжірибе алмасу алаңы ретінде орнату.
Шеберлік сағатына 5-10 сынып аралығындағы оқушылар және қосымша білім беру педагогы Г.Сағынаева қатысты.
«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, PhD К.Б.Касенова, «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының зертханашысы Г.Ш. Тілесовалар 2021 жылдың 26 қазанында «Оқушыларды жүн шикізатымен таныстыру. Жүннен жасалатын бұйымдардың түрлері. Сый сияпатқа арналған ашық хат дайындау» аттыишеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағатқа 5-10 кластар және колледж топтарының студенттері қызығушылықпен қатысты.
27 қазан күні «Ұялы телефонға арналған қалташа жасау», 28 қазанында «Қалдық жүндерді пайдаланып әшекей бұйымын жасау» тақырыптарында шеберлік сағаттары өткізіледі.
#школаинтернатколледж
https://sch.edu.kz/kz/247/286-sheberlik-sa-aty.html#sigFreeId5ed91d31e2