2021 жылы 21 қазан күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж»
кешені КММ – нің ғимаратында Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының қызметкерлерімен тәжірибе алмасу мақсатында оқыту - семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында І бөлімде «Ерекше кітаптар әлемі» атты тактильді кітаптар көрмесі оқушылар мен мектеп педагогтарына таныстырылып, насихатталды.
ІІ бөлімде зағип және нашар көретін жандарға арналған заманауи тифлоқұрылғылар таныстырылды. Жұмыс барысында олардың тиімділігі қарастырылды. Ұйымдастырушыларға өз алғысымызды білдіреміз!
https://sch.edu.kz/kz/247/285-o-ytu-seminary.html#sigFreeId717a7d73ca