Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау.
Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс алатын және тұлға болуы керек.
Мектеп-интернат-колледждің әдеп кеңесінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 27 мамыр күні өткен "Педагог бейнесі" тақырыбындағы брифингте тәжірибелі ұстаз Г.М.Жанжигитова жас мамандарға педагогқа қойылатын талаптарды түсіндіріп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
https://sch.edu.kz/kz/247/279-pedagog-bejnesi.html#sigFreeId07d812fcd8