«МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» апталығы

 

2020-2021 оқу жылындағы 7.12 -11.12 желтоқсан   аралығында  «МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» атты гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апталығы  қашықтықтан   өз жұмысын бастады.  Мақсаты:Тіл    мен  еліміздің     тарихы мен бүгінгі күнінің  мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.

 

Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып,   әкімшілік  тарапынан  бекітілді. Апталық барысында әдістемелік бірлестік  мұғалімдері    мектеп  оқушыдары  толығымен  қамтылды.  Бірлестік   мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен  ашық сабақтар, кластан тыс  шаралар өткізіді.

 

Жоспар  бойынша  аталған  іс-шаралар  бес күнге бөлінді.

 

Бірінші  күні  «МӘҢГІЛІК   ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ   ТІЛ» тақырыбында  апталықтың  ашылуы   жоспарланып,  жауапты  мұғалімдер    Елеуова Д  мен   Курманова К.Имектебіміздің  инстаграм   желісінде  оқушыларымызға  қазақ, орыс,  ағылшын  тілдерінде  өте  мазмұнды , жан-жақты  қамтылған   кластан  тыс  шараларын  жариялады.

 

Мақсаты:Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, Қазақстан халықтарының   тіліне, тарихи өткеніне , бүгіні мен жарқын болашағына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

 

Екінші  күні    бір ашық  сабақ  екі  кластын тыс шара  өтілді.

 

10 «а» класында  Таджиякова М.С.«Сложноподчинённые предложения с            несколькими  придаточными»    тақырыбында  ашық  сабағын Whats App  желісінде  өткізді.  Сабаққа  оқушылар түгелдей   қатысып мұғалімнің  қойған  сұрақтарына  түсініп  толық  жауап  беріп    білімдерін көрсетіп отырды.Сабақ өз  мақсатына  жетіп  әр   оқушы өз  мүмкіндігінше  жаңа  сабақты  игерді.

 

2 «б»,  3 «в»  оқушылары  мен  ата-аналары  қатысқан    «Ғажайып алаң»  атты интллектуалды ойынын   ZOOM  платформасында   Айтжанова Л.Ж. өткізді. Мақсаты:  Оқушылардың  туған  тілге, туған  жерге  деген  құрметтерін  арттыру.  Өз ойларын  айтуға, білімдерін  нығайтуға  және көрсетуге  мүмкіндік жасау болды.   Бұл  ойын  қашықтықтан  өткізілгеніне  қарамастан  оқушылардың   да  ата-аналардың да  қызығушылығы артып,  тартысты   қызықты өтті. Ойын  соңында  жеңімпазымыз анықталып  үлкен қошеметке  ие болды.

 

Елеуова   Динара «Тіл тірегім-соғып турған жүрегім»     ым-ишара тілінде   қашықтықтан  нақыл сөздерді  оқуды  ұйымдастырып  өткізіді. Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,  ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

 

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру  болды. Нақыл  сөздерді  5-6 класс оқушылар  ым-ишара  тілінде оқып өздерінің  туған  тіліне, туған  жерге  деген  құрметтерін көрсетті.

 

Үшінші  күні  Тарасенкова Н. А.  7 «б» класында  «Разряды  имён прилагательных»   тақырыбында орыс  тілінен  ашық  сабағын ұсынды. Бұл  сабақ  оқушылармен  Whats App  желісінде  өткізді.  Мұғалім  көрнекіліктер, суреттер, слайдтар көрсетіп сабақты өз деңгейінде өткізді. Жаңа технологияны меңгертуде мұғалімнің  көп еңбектенетіні әр ісінен көрініп тұрады.

 

«Мәңгілік ел-болашақ кепілі» әдеби викториналық   сабағын  Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіне   арнап    Айтқалиева  Б.И.  9 «ә» сыныбында  ZOOM платформасымен    өткізді.  Сабақтың  мақсаты: шығарманың бүгінгі күнмен байланысын аша отырып ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.  Сабақ  барысында  оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, диалог құрастырып  белсене қатысты. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары  өте жақсы деңгейде болды.

 

Курманова К.  0-4  кластар  арылығында  «Елім менің, мақтанышым!»   атты  сурет   көрмесін  ұйымдастырды. Бастауыш  сынып  оқушылары   өз  өнерлерін  ортаға  салып   суреттерін ұсынды.   Әр  оқушының  салаған  суреттерінен   туған  жерге  деген  сүйіспеншілігі,  құрметі  көрініп  тұрды. Бұл  көрменің де  мақсаты  сол болатын.  

 

Төртінші  күні  Бисалиева А.Ж.  6 «а» класында  өткізген    Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» атты  әдебиет сабағынан  басталды. Сабақтың  мақсаты:   Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.Балаларға  өлеңді мәнерлей оқи отырып,мазмұнын түсініндіру  және балаларды адамгершілікке,ұқыптылыққа,елін,жерін сүюге,үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу болды.  Айнагүл  сабағында  Абай  атамыздың  шығармашылығы мен  өмір жолы туралы оқушыларға  түрлі  сұрақтар  қойю арқылы  оқушылардың  осы  кезге  дейінгі  білімдерін еске  түсіріп,  аудио жазбадан  «Желсіз  түнде жарық ай»    өлеңін  тыңдата  отырып  оның  композиторлық  өнеріне де  тоқталып  өтті. Сабақ  ортасында  мұғалім  «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңін балаларға  тізбектей оқыта  отырып  түсіндірді. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

«Полиглот» интеллектуалды ойынын  ағылшын  пәні  мұғалімі  Құрмаш  Қамар  7 «б» класымен   Whats App  желісінде байланысқа  шығы  отырып  өткізді. Сабақтың  мақсаты: Ағылшын тілі сабағында ұлтжандылыққа, өз тілін  құрметтеуге, ағылшын тілін еркін меңгеруге баулу. Сабақ  барысында  оқушылардың  ағылшын  тілі жақсы  меңгергендігі  байқалып  мұғалімнің  берген  тапсырмаларын  мүлтіксіз орындап отырды. Ойында  оқушылар  барлық  тапсырмаларды орыс, қазақ,  ағылышын  тілдерінде  орындады.  Ойынның  құрылысына,  оқушыларға  тапсырмаларды ұсыну  жолына  қарап  мұғалімнің  өз  ісіне тиянақты, жаңашыл ұстаз  екені  көрініп  тұрды.

 

Қанатбаева Л.О.  10 «а»класында  «Тәуелсіздік – ел мұраты» қазақ тілінен  ашық  сабағын Whats App  желісі арқылы  өткізді.    Жаңа тақырып  түрлі  көрнекіліктер,  слайдтар  арқылы  түсіндіріліп,  мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап ала  отырып , өз ойларын шынайы түрде ортаға салып ашық айта білуге дағдыландырды. Сабақ қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.

 

8-9  кластар аралығында  Арибаев Т.Қ. «Казахстан – колыбель единства» атты кластан  тыс шарасын  өткізді. Саяхат сабақтың мақсаты: Тарихи-өлкетану музейінің ескерткіштерімен, экспонаттарымен және артефактілерімен таныстыру. Тарихи дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын, ескерткіштерді жіктей білуге ​​дағдыландыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеяларына сәйкес рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу болды.

 

Мажикова К.Қ.   2 «ә» класында   «Моя страна – Казахстан»  тақырыбында орыс  тілінен ZOOM платформасында  ашық  сабағын ұсынды. Сабақта тақырып жан-жақты ашылды. Оқытушы сабақта бірнеше жаңашыл технологияларды пайдаланды. Кенжегүлдің  қашықтықтан  оқытуда  біршама  жетістіктерге  жетіп, көп  ізденгені байқалды. Біздің  бірлестікке  жаңадан келген мұғалімнің  еңбекқор  ізденімпаз  деп  айтуға  болады.

 

 Апталықтың  соңғы  күні   Ақжигитова Р.С.  «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ»   тақырыбымен  апталыққа      өткен  жұмыстар  бойынша   шолу жасап,  мектебіміздің  инстаграм парақшасына  жариялады. Жалпы  осы  апталық  бойынша  өткізген  шаралардың  барлығы  уақытылы  мектептің  инстаграм  парақшасына  жарияланып  отырды.

 

Гуманитарлық пәндер апталығында жоспарланған іс-шаралар түгелдей дерлік өткізілді. Апталық аясында өткізілген іс-шаралар бірлестік отырысында талқыланып, бағаланды.

 

                                    

Бірлестік жетекшісі Айтжанова Л.Ж.