Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

 

Жыл сайын осылайша ән салып, барша бала жасыл шыршаның айналасында ән салып, Аяз Атадан сыйлық алып жүруші еді. Алайда елмісізде орын алған төтенше жағдай – әлемдік пандемияға байланысты 2021 жыл қарсаңында балалар өз үйлерінде, ата-анасының қасында әлеуметтік желі арқылы ән салып, би билеп, жаңа жыл мерекесін тойлады.  Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-инетернат-колледж» кешені КММ тәрбиешілері бұл мерекені  мектептен алыс жүрген балалар  сезіне алаындай, ерекше етіп дайындауға күш салды. Бірлестік жетекшілерінің ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесіне арналған арнайы бейнеқұттықтаулар дайындалып, оқушылар назарына ұсынылды.

 

Мектепке дейінгі топ балалары  тәрбиешілер дайындаған  тақпақтарды   ата-аналарымен бірге айтып, би билеп,   қолдан жасалған сыйлықтарын ұсынды. Хореография маманы Жалғас Жанат балалрмен бірге би дайындап, керемет көңіл күй сыйлады. Бастауыш класс оқушылары үшін Аяз Ата мен Ақшақар, ескі жыл тышқан мен жаңа жылдық кейіпкер сиыр бейнеқұттықтаумен қоса, өте кермет тосын сыйлар жасап, балалр көңілін көтерді. Орта буын оқушыларын жаңа жыл мерекесімен Казақ  саңыраулар қоғамы Ақтөбе облыстық бөлімінің төрайымы З.Н.Телеушева, «Шаңырақ» қоғамдық қорының директоры Ә.Қ. Иманалин, Ақтөбе облысы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры  Н.С.Соколова,  «Ақтөбе» телеканалының дикторы Г.Қаленқызы, мүмкіндігі шектеулі балалрға арналған «Жайна» сауықтыру орталығының директоры Н.К.Жарболова, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Ө.Нұрғалиева құттықтап, зор денсаулық пен жаңа табыстар тіледі.  Жоғары буын оқушылары да арнайы бейнеқұттықтаулар арқылы жаңа жылдық ерекше көңіл күй сыйлайтын әндерді орындады.

 

Қашықтықтан оқу барысында оқушылар сыйлықтан құр қалмады.  Жылдағы дәстүр бойынша әлеуметтік серіктесіміз «Сбербанк» АҚ  ұйымы және «АЗИЗ-ПРОЕКТ» ЖШС мекемесінің кәсіпкерлері Турумбетова Эльмира Жусупбековна, Сабырбаева Мереке Ерболовна мен Урумбаева Жанылсын Садыковна «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушыларына тәтті сыйлықтарын табыстады. Сыйлықтар уақытында оқушыларға жеткізілді.