"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы 'мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ 2020 жылдың 14 желтоқсан күні қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері қамқоршылық кеңесінің қаржы қорының жұмсалуы, мектеп-интернат- колледждің қашықтықтан өткізілетін іс-шараларына атсалысу және жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушыларға берілетін сыйлықтар туралы мәселелерді талқылады.