"Ұлтына ұран болған ер Бауыржан"

Биыл  қазақ халқының мақтанышы, «Халық қаһарманы»,   Кеңес Одағының Батыры, жазушы, көптеген марапаттардың иегері, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик полковник Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл.

Бауыржан Момышұлының  әділдікке бас иген, шындықты бетке айтатын турашыл мінезімен өз ұлтының намысын қорғай білген өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі. Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, ұлт намысы болған ұлы тұлға Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің «Самға»театр үйірмесі  оқушылары әдеби монтаж дайындады.  Үйірме жетекшілері: Ермағамбетова С., Бақытқали П. Жетекшілігімен жас өнерпаздар т  Бауыржан атамыздың ерлігі, қанатты сөздерінен үзінділер ұсынды.