Эстетикалық пәндер және кәсіптік білім беру әдістемелік бірлестігінің отырысы

2020жылдың 13 қараша күні  Эстетикалық пәндер және кәсіптік білім әдістемелік бірлестігінің отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.
Отырысқа әдістемелік бірлестік мүшелері мен мектеп әкімшілігі қатысты.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша ӘБ жетекшісі Уразова А.Ж.
І тоқсанда атқарған мұғалімдер жұмысы туралы презентация арқылы талқылады.
Денешынықтыру пәні мұғалімі Таласқалиева С.А. «Ерекше оқу қажеттілігі бар оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында баяндама тыңдалды. Салауатты өмір деген не? Салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады деген мәселер ортаға салынды.