"Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ ата-аналары Отбасы күніне байланысты "Қазақстан әйедері" ҚБ ұйымдастыруымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Бала және денсаулық" жобасының аясында "ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ - МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ" атты семинар-тренингіне қатысты. "Green Land" демалыс орнында өткізілген тренинг барысында ата-аналармен "Қуыршақ", "Тілектер дүкені", "Кинотеатр" және т.б. жаттығулар өткізіліп, кофе-брейк ұйымдастырылды. Тренинг соңында ата- аналарға сертификаттар тапсырылып, марапатталды.

 

Г.Борамбаева

мектеп психологы