6 қазан 2020  жылы Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Заң бәріне ортақ» деп аталатын жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Бакитжанова Фариза Ержанқызымен ZOOM платформасы арқылы кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: кәмелетке толмаған оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.  Кездесуге 9-10 класс және колледж оқушылары мен топ тәрбиешілері, мекеме психологтары қатысты. Ф.Е.Бакитжанова кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс, оның ішінде ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қазіргі қоғамда белең алып жатқан ұрлық мәселесіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша да, яғни, азаматтарға қарсы күш қолдану, қоғамдық тәртіпті құрметтемеумен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасалған жағдайда екі мың айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынатынын айтып өтті. Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде (компьютерлік клубтар, боулинг, кафе-бар) бой көрсетуге тыйым салынғанын сөз етті. Оқушылардың жолда жүру кезінде сақталатын ережелерге де тоқталып өтті. Осы мәселеге байланысты оқушылар тарапынан сұрақтар да қойылып, инспектордың жауабымен қанағаттандырылды. Кездесу соңында оқушылар мен тәрбиешілер өзге де сұрақтарға жауап алып, өз алғыстарын білдірді.