2020-2021 оқу жылы әлемде орын алған пандемиялық жағдайға байланысты қашықтан оқу жүйесімен басталды. 01.09.2020 жылы  қашықтықтан оқыту режимінде Білім күніне арналған онлайн-салтанатты жиынның өту барысы орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігіне жүктелді. Оның ішінде жауапты  Д.Бимагамбетова  мен А.Әбдірашованың ұйымдастыруымен  Білім күніне арналған «Мектеп-білім ордасы» тақырыбында видеоролик дайындалды. Арнайы әзірленген видеороликте   алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры  Қ.А.Даутоваға ұсынылды. Мектеп директоры ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға қашықтықтан оқыту кезінде шыдамдылық, сәттілік және ақ жол тіледі. Ата-аналаратынан мектептегі ата-аналар комитетінің төрайымы – Нұрғалиева Ләззат ұстаздармен оқушыларды оқу жылымен құттықтап,оқушыларға зор денсаулық пен төзімділік, жаңа оқу жылына сәт-сапар тілеп, ұстаздарға аналық алғысын айтты.Оқушылар атынан колледж студенті Нұрғалиева  Құндыз ұстаздар қауымына құттықтау сөз айтып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының өткен оқу жылындағыжетістіктері аталып, қашықтықтан оқыту кезінде өткізілген іс-шараларға қатысқан балалар белсенділіктері үшін марапатталды. Мектеп  табалдырығын аттағалы отырған 1«а» және 1«б» сынып оқушылары фотосуреттері арқылы аталып өтті.2020-2021 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу рәсімі  1«б» сынып  оқушысы  Андагулова Інжу  мен колледж студенті Балмағамбетов Қайратқа ұсынылды. Білім күніне арналған онлайн-салтанатты жиын 3 «ә» сынып оқушыларынан құралған «Балдәурен» дуэтінің орындауындағы «Бас иемін ұстазға» атты әнімен өз мәресіне жетті.

View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/216-bilim-k-ni-2.html#sigFreeId23b9d1bcc9