Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ 2020 жылдың 11 қазан күні «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативтік сабағының оқытушысы Уразова Арайгуль Жайжановнаның ұйымдастыруымен «Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Кездесуге шақырылған қонақтар - жеке кәсіпкер «Ақтөбе Сапа Пласт» ЖК директоры Самат Сапарович Сапиев және Ақтөбе облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айнур Муратовна Баймуратова кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында Айнур Муратовна студенттерге кәсіпкерліктің қыр-сыры, дамуы туралы әңгімелесе, кәсіпкер Самат Сапарович өз тәжірбиесімен бөлісіп, ерінбей еңбек етуге шақырды.