Жоғары класс және колледж оқушыларына болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып,
ой бөлісу мақсатында А. Тубетаева және тәрбиешілер Г. Шагатаева мен Г. Карибаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс- шараға мектебіміздің түлектері дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Оңайбаев, хореограф Ж. Жалғас және мектептің кіші қызметкері А. Мусуралиев шақырылды.
Кездесу барысында қонақтар өздерінің мамандықтары, жетістіктері туралы сұхбат беріп өтті. Іс- шараға қатысушы оқушылар мамандық туралы ой- пікірлерімен бөлісті. "Қызық деректер"," Сен білесің бе? "айдарында оқушыларға мамандық мінездемелері ұсынылып, жаңа мамандықтар туралы ақпарат беріп өтті. Аталмыш отырыстан оқушылар әр мамандықтың маңыздылығы мен бірегейлігін түсінді. Дөңгелек үстелдің түйіні ретінде рефлексия жасалып, жүрекше стикеріне кездесуден алған әсерлерін, тілектерін жазды. Дөңгелек үстел" Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде - бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан!" деген Абай атамыздың сөзімен аяқталып, оқушыларға өмірден өз орындарын тауып, елімізге қажетті мамандық иесі болуларына тілек білдірілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/201-d-gelek-stel.html#sigFreeId687249477c