Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің 101 «шаштараз-модельер» тобында 5 оқушы қашықтықтан білім алуда.
Есту мүмкіндігі шектеулі оқушыларға ағылшын тілін оқытудың арнайы әдістемесін қолдана отырып, қашықтықтан өткізілген сабақтарға топ студенттері қызығушылықпен қатысуда. Пән мұғалімі Құрмаш Қамар Қожеліқызы арнайы бейнесабақтар әзірлеп, сабақтарға көрнекілік ретінде суреттер мен бейнероликтерді де пайдаланады.