Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай 10 желтоқсан күні "Адалдық сағаты" өткізілді.
Аталған шараға жоғары класс және колледж топтарының оқушылары мен мұғалімдері және сондай-ақ, "Nur Otan" партиясының және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Шараны өткізген педагогтар Тубетбаева А.Ә., Балжанова А.М. сыбайлас жемқорлықты болдыратын факторлар мен оның қоғамға, адам өміріне келтірер зиянын жан-жақты талдай отырып, адалдыққа баулу мақсатында тренинг өткізді.
https://sch.edu.kz/kz/247/176-adaldy-sa-aty.html#sigFreeId3431eefab4