Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде қазан айының 25-і күні "Шаштараз-модельер" мамандығы бойынша оқу қатарына қабылданған бірінші курс студенттеріне арналған маңызды мерекелік іс-шаралардың бірі "Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті.
Мерекелік кештің шымылдығын мекемемізге жоғары оқу орындарын аяқтап, ортамызға келіп, еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандар әсем әндерімен ашты. Мекеме басшысы Қ.Даутова кештің салтанатты бөлімінде студенттерді құттықтап, дәстүрлі студенттік билет пен "білім кілтін" тапсырып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін білім жолында табыс тіледі. Студенттер өміріндегі ерекше күндердің бірі саналатын ұлық күнде директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Н. Суликанова және ата-аналар студенттерге өз құттықтауларымен жылы лебіз, тілектерін жолдады. Дәстүрлі түрде өткізіліп келетін шарада 1- курс студенттері ант қабылдады. Мерекелік кеште әсем ән де, флешмоб та, тіпті әзіл әлеміне саяхаттау да болды.
https://sch.edu.kz/kz/247/161-studentter-ataryna-abyldau-keshi.html#sigFreeIdada9bf9bb3