24.10.2019ж. Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде "Әке - отбасының тірегі" тақырыбында әкелермен психологиялық тренинг форматындағы кездесу өтті. Кездесудің алғашқы сөзі директор Қ.А.Даутоваға берілді. Күн тәртібі бойынша психолог С.С.Нұржан "Отбасындағы әкенің рөлі" атты баяндамасымен таныстырды. 

8 класс оқушысы Қ.Мустафин "Менің әкем" әнін тарту етті.
Сонымен қатар, психолог Г.Қ.Борамбаева әкелермен "Танысу", "Сенің таңдауың", "Мен үшін әке болу..." тренингтерін жүргізіп, сенімділікке, ұжымшылдыққа бағытталған рефлексиямен жалғасын тапты. Кездесу соңына қарай мекеме жанынан құрылған "Самға" театрының "Менің әкем керемет" атты қойылымы көрсетілді (жетекшілері: Ж.Боранбаева, С.Ермағанбетова). Кездесуді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Нағашыбаева әкелерге алғыс айтып, мәртебесін көтеріп, қорытындылады.