2019 жылдың 3 мамыр күні Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған "Академия жұлдыздары" атты ІІ Республикалық марапаттау салтанатында Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары - бірнеше шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары ҚАНКЕЛДІ ЖҰЛДЫЗАЙ мен ЖАКАЕВА АРУЖАН "Академия жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.
Оқушылардың ата-аналары, жетекшілері Руденко Оксана Вячеславовна, Умбетова Майра Хамитовна және мектеп директоры Даутова Қарлыға Айтмұханбетқызы Алғыс хаттарға ие болды.
Салтанатты шарада "Аяулым"ансамблі (жетекшісі М.Умбетова) «Шолпы» биін билесе, Кеңесов Мадияр (жетекшісі А.Сансызбаев) "Қазақстан" əнін ым-ишара тілінде орындады.
https://sch.edu.kz/kz/247/142-akademiya-zh-ldyzdary.html#sigFreeId12cb77a4dc