2019 жылдың 14 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығы жəне аталған мектеп-интернат-колледждің ұйымдастыруымен "Мектеп пен отбасының серіктестігі" тақырыбында облыстық педагогтар мен ата-аналарға арналған семинар-тəжірибе өтті.
Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығының əдіскері Г.П.Еремеева, Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығының əдіскері, педагогика жəне психология магистрі А.А.Тоқсанбаева, "Қазақстан отбасылық дәрігерлерінің ассоциациясы" Ақтөбе облыстық филиалының дәрігері Г.Х.Сеитова қатысты. Семинарға шақырылған арнайы білім мекемелерінің педагогтары мен ата-аналар бүгінгі таңда бала тәрбиесінде маңызды орын алатын отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайтуда өзара тəжірибе алмасты. Мектеп педагогтары ата-аналарды қатыстыра отырып, түрлі формада сабақтар, шебер-кластар өткізді.
https://sch.edu.kz/kz/247/115-mektep-pen-otbasyny-seriktestigi-oblysty-pedagogtar-men-ata-analar-a-arnal-an-seminar-t-zhiribe.html#sigFreeIda776694671