2019 жылдың 30 қаңтар күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде оқырман клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы "Жүз кітап" жобасы бойынша буккроссинг шарасы өтті. 


Шараның мақсаты:

Ерекше білімді қажет ететін балалардың ой-өрісін дамыту, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, ішкі жан-дүниесін байыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету мақсатында;


Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларымен танысып, тығыз байланыс орнату;


Қазақстан Республикасының әрбір азаматы оқуға міндетті «Жүз кітап» жобасы аясында кітап алмасу.


Шараға Ақтөбе қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 а класс оқушылары шақырылды. Шығармашылық топ ұстаздары Қоблаш Э.А., Разакова С.Т., Айтқалиева Б.Е., Таласқалиева С.А. екі мектеп оқушыларының бір-бірімен жылы қарым-қатынас жасап, нашар еститін оқушылардың өз замандастарымен еркін сөйлесе алу мүмкіндігін арттыруды  мақсатында түрлі әдістерді қолданды. Танысу тренингтері, кітап алмасу, өздері туралы ақпарат алмасу сәттерінен қатысушылар үлкен əсер алды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық ортаға еркін араласа алу қабілетін жетілдіруге бағытталған мұндай шаралар жалғасын таба бермек.

 

View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/105-zh-z-kitap.html#sigFreeId80f542d0f4