“Мен қалай дұрыс өмір сүремін? ” тақырыбында 7 - 10 сынып және колледж студенттері арасында қыздар жиналысы өткізілді.
Іс - шараның негізгі мақсаты:
оқушылар мен студенттер үшін өмірдің мәні туралы ортақ пікір алмасу;
өз өмірлеріне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуға үндеу;
жастардың өмір сүру салтын дұрыс қалыптастыру,
денсаулыққа зиян келтірмей, өз - өзін дамытуға бағытталған ұтымды кеңестер беру.

Жиналыста қатысушы қыз балаларға өмір сүру дағдыларын жақсартуға арналған түрлі тақырыптар бойынша презентациялар ұсынылды:
дене тәрбиесі мен рухани тұрақтылықты сақтау,
дұрыс тамақтану,
уақытты тиімді пайдалану;
қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру;
мақсат қою мен оған жету жолдары туралы кеңестер берілді.
Қатысушылар көптеген қызықты сұрақтар қойып жауаптарын алды.
Аталған шара жас қыздарға өмірдің түрлі салаларына қатысты қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге көмектесіп, олардың өзіне деген сенімділігін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.