2025 жылдың қаңтарында Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат - колледжінде М.Б.Момышева, А.А.Шакибаева 9 - 10 сынып оқушыларына “Сен таңдайтын мамандық” атты тренинг өткізді.
Бұл шара оқушылармен болашақтары туралы ой бөлісу, 9 - 10 сынып оқушыларына өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауда дұрыс бағыт - бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Тренинг барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы ой қозғап, қызығушылықтары мен қабілеттерін талқылады. Сондай - ақ, мамандық таңдаудағы маңызды факторлар сөз болды
Оқушылар топтық жұмыс арқылы таңдаған мамандықтары бойынша пікірталас жүргізіп, болашақ жоспарларын нақтылау мүмкіндігіне ие болды. Бұл тренинг болашақта маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті құралдар мен кеңестер берді