2025 жылдың 1 ақпанында Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінде психологтар М.Б. Мошева, А.А.Шакибаева 5 сынып оқушыларына арналған “Өзіңнің қорқынышынды басқар” атты тренинг сабағын өткізді.
Мақсаты: аутоагрессивті мінез құлықтың алдын алу.
тренинг барысында психолог мамандар балалармен бірге қорқыныштың не екенін, оның қалай пайда болатынын және онымен қалай күресуге болатынын талқылады. Оқушыларға қорқыныш сезімін жеңу үшін түрлі әдістер мен дағдылар ұсынылды.
Тренинг барысында балалар:
Қорқыныштың түрлерін түсініп,
Тыныс алу жаттығуларымен сабырлықты сақтауды үйреніп,
Өзін-өзі басқару және эмоционалды тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсінді.
Өзін-өзі тыныштандыру, қорқынышқа төтеп беру сияқты тиімді әдістерді үйрену арқылы оқушылар өздерінің күшті жақтарын ашты және күнделікті өмірде кездесетін қиындықтармен жеңіл күресуге дайын болды!
#психология #тренинг #қорқыныш #өзінөзібасқару #балалар #сабақ
https://sch.edu.kz/kz/247/1041-trening-zi-ni-or-ynyshy-dy-bas-ar.html#sigFreeId5a99314de2