Ұстазды ұлықтау - үлкен мәртебе! Әсіресе, ол - өмірінің елеулі 35 жылын ерекше балаларға арнап, білім мен тәрбие беруде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға болса...Осылайша ой түйген ұжым басшысы Г.Шакенованың идеясымен жаратылыстану және математика әдістемелік бірлестігінің “Уақыт - ғылымның өлшемі“ атты апталығының қорытынды кеші география пәнінің мұғалімі Мухамбетова Галия Изимгалиевнаға арналды.

“Ұстаз және уақыт“ атты бенефисте ұстаздың жеке өмірінен бастап, қоғамдағы орны мен қызметі, шығармашылығына дейін толық қамтылып, әріптестері, достары, туған-туыстары оның азаматтық және кәсіби ерекшеліктері турасында сыр шерткен шараның басты мақсаты - табиғи дарыны мен ерен еңбегінің арқасында кәсіби біліктілікке қол жеткізген әріптестің игі қасиеттерін көпке үлгі ету, жұртқа беймәлім қырларын таныту еді.

Шара жаңа форматта өткенін тілге тиек еткен «Ақтөбе-Өрлеу» кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Каплиева Айгүл Қыдырбайқызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты” директоры Н.М.Абишеваның құттықтау хатын тапсырды. Кейіпкердің өміріндегі кезеңдерді бейнефильм үзіктерімен баяндау арқылы тосынсый боп келген қонақтардың кім екенін анықтау барша көрермендерге де қызықты болып, өте ұтымды, сәтті алынғаны айтылды. Жауапты: А.Тубетбаева.