“Интернет желісіндегі қауіпсіздік” тақырыбында топ жетекшілері класс сағатын өткізді.
Мақсаты:
студенттердің интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсініктерін арттыру.
Қазіргі уақытта интернет - ақпараттың мол қоры мен көптеген мүмкіндіктердің көзі болып табылады. Алайда, оның теріс жақтары да бар. Интернетте қауіпсіздікті сақтау өте маңызды, әсіресе студенттер үшін. Әрқайсымыз интернет желісінде өзін және жеке мәліметтерін қорғау үшін белгілі бір шараларды қолдануымыз қажет.
Осыған орай, студенттерге пайдалы кеңестер берілді:
Құпия сөздерді қорғау
Құпия сөздеріңізді қатты сақтаңыз. Әрбір аккаунт үшін әртүрлі, күрделі құпия сөздерді қолданған дұрыс.
Құрылғыларды қорғау
Компьютер мен смартфоныңызға антивирус орнату қажет.
Қоғамдық Wi - Fi желісін абайлап қолдану
Қоғамдық Wi - Fi желілерінде жеке мәліметтеріңізді енгізбеуге тырысу.
Жеке ақпаратты бөліспеу
Әлеуметтік желілерде немесе форумдарда жеке мәліметтерді бөлісу кезінде өте сақ болыңыз.
Жеке аккаунттарды бақылау
Әлеуметтік желілердегі және басқа онлайн қызметтердегі аккаунттарыңыздың қауіпсіздігін бақылап отыру керек.
Интернетте заңсыз әрекеттерге қатыспау
Қатысушылар өзара пікір алмасып, интернетте қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Бұл іс - шара студенттерге интернет қауіпсіздігі жөніндегі білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.
Қазіргі интернеттің кең мүмкіндіктерін пайдаланғанда, өзіңіздің және айналаңыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қою маңызды. Сақтық пен жауапкершілік - интернетті қауіпсіз пайдаланудың басты кепілі.
#қауіпсіздікережелері #интернеттегіқауіпсіздік
https://sch.edu.kz/kz/247/1038-internet-zhelisindegi-auipsizdik.html#sigFreeIddac4c56af7