Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат - колледж”кешені КММ - де 2025 жылдың 27 - 31 қаңтар аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы әдістемелік бірлестігінің “Уақыт - ғылымның өлшемі” тақырыбындағы апталығы өтті.

Мақсаты:
Білім алушыларға уақыттың ғылыми анықтамалары, оның табиғаты және күнделікті өмірдегі рөлі туралы мағлұмат беру;
ғылым мен уақыттың қызықты тұстарын көрсету арқылы оқушылардың білімге деген ынталарын оята отырып, оның күнделікті өмірдегі маңызын түсінуге көмектесу;
уақытты өлшеу, күн тәртібін құру және уақытты тиімді пайдалануға арналған қарапайым дағдыларды жетілдіру;
Балалардың жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін кеңейту.
Апталықтың ашылуына арналған шарада оқушылар топпен түрлі тапсырмалар орындап, математика, физика, химия, жаратылыстану, география пәндеріне қызығушылықтарын танытты.
28 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Г.М. Оңайша 7 ”а” класында “Тікбұрышты координаталар жүйесі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта апсырмалар түрлі әдіс - тәсілдермен жүзеге асырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әрбір тапсырма оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Сабақ барысында “GeoGebra”, “Quizalize” сандық білім беру ресурстары тиімді қолданылды.

30.01.2025ж физика пәнінің мұғалімі Мұратов Қ.М 8 "а" класында "Тізбек бөлігі үшін Ом заңы" такырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта түрлі платформаларды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында оқушылар белсенді болып, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.

29.01.2025 жылы Жаратылыстану - математика әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында химия және биология пәнінің мұғалімі Ж.Е.Кужагелдиев 9 ,,а’’ класында химия пәнінен ,,Күкірт қышқылы және оның тұздары’’ тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар түрлі сандық білім беру ресурстарын қолданды.
Тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятып, пәнге деген талпыныстарын арттырды. Оқушылар белсенділікпен тапсырмаларды орындады.

29.01.2025ж. Г.И. Мухамбетова және Н.А.Шаханова 7 - 10 класс оқушылары арасында “Ғылымдағы уақыттың іздері” атты кластан тыс шара өткізді.
Мақсаты:
оқушылардың жаратылыстану - математика пәндері бойынша алған білімдерін байқау, пәндерге қызығушылықтарын жандандыру, білім алуға құштарлықтарын арттыру;
балалардың ой - өрісін шыңдап, топта бірігіп жұмыс істеуге, бір - бірін тыңдай білуге, басқа топ оқушыларын бағалауға, ұйымшылдық таныта білуге баулу.
Шара сайыс түрінде өтіп, үш топтан құралған оқушыларды қамтыды.
Шараға оқушылар қызығушылықпен белсенді қатысты және алған білімдерін көрсете білді.

31 қаңтар күні жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті. Оқушылар қызықты ойындар ойнап, танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Белсенділік танытып, ерекше көзге түскен оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл апталық білімге құштар жандар үшін пайдалы әрі қызықты болды!