2025 жылғы қаңтар айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларға шаңғы тебу кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс - шара оқушылардың табиғатқа шығып, спортпен айналысу барысында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Шаңғы тебу – қызықты әрі денсаулыққа пайдалы спорт түрі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.
Осы орайда оқушыларға
шаңғы жабдықтарын дұрыс пайдалану,
жылдамдықты бақылау,
дұрыс техниканы қолдану,
шаңғы жолында ережелерді сақтау туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, балаларға құлау және тоқтау әдістері, ересектердің бақылауында болу қажеттілігі түсіндірілді.
Сондай - ақ, шаңғы тебу кезінде өзара құрмет, қауіпсіздік шараларын сақтау, және бір - біріне көмек көрсету қағидалары да айтылды.
#қауіпсіздікережелері
#шаңғытебу