20.01.25 ж “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені” КММ-де 3”в”, 4 “б” және 8 “ә” класс тәрбиешілері “Қауіпсіз интернет” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдарын үйрете отырып, интернеттің пайдасы мен зиянды жақтарын айтып, өз қауіпсіздіктеріне жауапкершілікпен қарауға баулу.
Сабақта балалар интернетті дұрыс және қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпараттармен танысып, онлайн әлемде жеке ақпараттың қауіпсіздігін сақтау жолдарын үйренді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға интернеттегі қауіптер мен олардан қалай қорғану қажеттігі түсіндіріліп, қабілеті мен мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі тапсырмалар орындалды.
https://sch.edu.kz/kz/247/1015-auipsiz-internet-2.html#sigFreeId9639fa697a